Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста жолдар жабылды

"ҚазАвтоЖол" компаниясына ауа райының бұзылуына байланысты 5 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының республикалық жолдарында көлік қозғалысы шектелді.

"2025 жылғы 2 қантарда сағат 15:00–де Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Өскемен" 778-1013 км, Аягөз қаласы — ШҚО шекарасы учаскесінде,  Шығыс Қазақстан облысында "Алматы-Өскемен" 1013-1048 км, Абай облысы шекарасы-Уланское а. учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды", — делінген хабарламада.



Сонымен қатар, 2025 жылғы 2 қаңтарда сағат 15:20-да ауа райының бұзылуына байланысты тағы бірқатар өңірде жүк және қоғамдық көліктерінің қозғалыс шектеледі. Атап айтқанда:

- Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" 526-710 км, Батыс Қазақстан облысы шекарасындағы Маржанбұлақ а. учаскесі - "Самара-Шымкент" 763-1240 км., Ақтөбе қаласы учаскесі-Қызылорда облысы шекарасы 

- Қызылорда облысындс "Самара-Шымкент" 1240-1357 км, Ақтөбе облысы учаскесі-Арал қаласы. 

- Батыс Қазақстан облысында "Самара-Шымкент" 273-526 км, Барбастау а. учаскесі-Ақтөбе облысы шекарасы

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланғаны туралы жазған едік. 

Талқылау