Алматыда қоқыс өңдеу орнында әйелдің бөлшектелген денесі табылды
Алматыда қалдықтарды қайта өңдеу орнында полиэтилен пакетке салынған дене бөліктері табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Криминал Казахстан" Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

2 қаңтарда "Green Recycle" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қалдықтарды өңдеу зауытының аумағынан 68 жастағы әйелдің бөлшектелген денесі табылды. Мәйіттің басы мен аяғы болмаған, дене бөлшектері пакетке салынған.
Алматы тұрғыны өз әпкесін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастағаны белгілі болды.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті ұсталғанын мәлімдеді.
"Ұзақ уақытқа созылған араздықтан әпкесіне аяусыз әрекет жасаған 66 жастағы әйел ұсталып, уақытша қамауға алынды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”