Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы Playboy журналының негізін қалаған азамат өмірден озды

Ерлерге арналған Playboy журналының негізін қалаушы Хью Хефнер өмірден озды. 92 жасында өмірімен қош айтысқан Хефнердің қандай жағдайда көз жұмғаны белгісіз.

Бұл туралы CNN арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Хью Хефнер 1953 жылы Playboy журналының негізін қалады. Кәсібін журнал шығарудан бастаған ол кейіннен көңіл көтеретін жобалардан тұратын тұтас империя құрды.

Хефнер 1926 жылы есепші мен мұғалімнің отбасында дүниеге келген. Бір кездері Хефнер ата-анасының өте мәдениетті әрі ұстамды адамдар болғанын айтқан еді. Оның үйінде құшақтасуға және сүйісуге тыйым салынған.

1944 жылы орта мектепті бітірген Хефнер әскери қызметке тілші ретінде орналасқан. Бұл жақтан жинаған тәжірибесі Хефнердің Esquire журналында табысты жұмыс істеуіне септігін тигізген. Аталған басылымда жұмыс істеп жүргенде Хефнер жеке журналын ашуға бел буған. Атышулы басылымның алғашқы саны 1953 жылы Мэрилин Монроның суретімен шыққан-ды.

Өмірінің соңғы жылдарын Хефнер жас әйелдермен бірге өзінің зәулім сарайында өткізді. Ол қартайғандықтан, “виагра” дәрісін қолданғанын бірнеше рет ашық айтқан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Ди Каприо АҚШ президентінің рөлін сомдамақ

Жол апатына түскендерге көмектеспек болған актердің өзі ажал құшты

«Біз мінсіз емеспіз»: Лидо некеде болған 10 жыл ішінде көрген қиыншылығымен бөлісті

Сұлулық байқауында бассейнге құлап кеткен бойжеткен тәжінен айырылуы мүмкін (видео)

Талқылау