Атышулы Мақсат Үсенов тағы да ұсталды
Атышулы Мақсат Үсенов тағы да ұсталды. Алматы қаласының Алмалы аудандық сот Үсеновке қатысты істі қарады.
Сот шешіміне сәйкес, 29 тамыз күні полицейлер компьютерлік клубта Үсенов отырған үстелдің алдынан сіріңке қорабына салынған есірткіні тапты. Қорап ішіндегі жасыл түсті, иісі бар ұнтақтың марихуана екені сараптама нәтижесінде расталды.
Айыпталушы Үсенов кінәсін мойындады. Ол марихуана салынған сіріңкені тауып алғанын, сосын қалтасына салып алғанын айтты.
Сот шешіміне сәйкес айыпталушы кінәлі деп танылды. Оған 453 мың 800 теңге көлемінде 200 АЕК айыппұл салынды.
Мақсат Үсенов 2013 және 2014 жылдары Алматыда аса ауыр жол апаттарын жасап, адам өліміне де себепші болған еді. Бірнеше тәулікке қамалып, жазаланғанына қарамастан оның тәртіпсіз әрекеттері тыйылмай тұр. Жақында ол “Эйр Астана” ұшағында шуы шығарғаны, қарызын төлемей шет елге ұшқаны үшін тағы да даудың астында қалды. Оны Алматы қалалық соты 10 тәулікке қамап тастаған. Кейін бостандыққа шыққанына қарамастан сот оны 28 маусым күні қайта қамауға алу туралы шешім қабылдады.
Тағы да оқыңыз:
Әрбір бейсенбі күні әруақтар босағаға келіп құран дәметеді деген рас па?
Танымал әншінің өліміне Күн планетасындағы жарылыстар себеп болуы мүмкін