Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал әншінің өліміне Күн планетасындағы жарылыстар себеп болуы мүмкін

«Банд’Эрос» тобының бұрынғы әншісі Родика Змихновскаяның өліміне Күн планетасындағы жарылыстардың әсері болуы мүмкін деген жорамал айтылды.

 755053964027635

Әншінің миына қан кетіп, ұзақ уақыт өтпестен көз жұмды.

«Банд’Эрос» тобының баспасөз қызметі әншінің өлімінің себебіне қатысты болжам жасады. Топ өкілдерінің болжамынша, Рада Күндегі өзгерістерге байланысты комаға түскен.

“Әнші Калифорнияға құрбысына келген еді. Біздің болжамымызша Күнде болған жарылыстар әсерінен оның миына қан құйылған болу керек”, – дейді топ өкілдері.

1784-700x450

«Банд’Эрос» тобының солисі Родика Змихновская бірнеше күн бұрын есін жимастан көз жұмды. Дәрігерлер әншіні аман алып қалу үшін барынша күресті.

Күнде болған төрт жарылыстың біреуі 4 қыркүйек күні болған. Ғалымдар Күн бетінде тағы да қуатты жарылыстар болатынын болжады.

Күннің белсенділігі айтарлықтай жоғарылаған сәттерде созылмалы және психикалық аурулары бар адамдардың өзін-өзі сезінуі нашар күйге түсіп кетеді екен.

Алғашқы жарылыс алтыншы қыркүйекте болды. Келесі күні екінші қуатты сілкініс тіркелді. 8 қыркүйекте де Күн бетінде тыныштық болған жоқ. Соңғысы 10 қыркүйекте тіркелді. Қысқа уақыт ішінде жарылыс әсері Жерге де сезілді.

Тағы да оқыңыз:

Актер Джордж Клуни ДАИШ лаңкестерінен жәбір көрген босқынды үйіне паналатты

Француз бизнес-ханымы Құран сүрелерін білетін қуыршақ ойлап тапты

Америкалық лингвист Джонатан Вашингтон: Баламның есімі Төле бидің ұлымен аттас

Талқылау