Француз бизнес-ханымы Құран сүрелерін білетін, орамал таққан қуыршақ шығарды

Жұма, 8 Қыркүйек , 2017 12:17

Француз бизнес-ханымы Самира Амарир жақында ғана қызының мұсылман тақырыптамасы бойынша бірде-бір ойыншығының жоқ екенін байқап, бұл олқылықты өз күшімен жоюға бел буған.

news_image_11679

«Қызым Дженна 2 жасқа толғанда, мен оған лайық ойыншық іздей бастадым”, – дейді анасы.

Бұл ойыншық ойын кезінде оның қызына оңай әрі тез арада Құранды жаттауға көмектесуі керек болған екен, деп жазады muftyat.kz.

Сол кезде Самира өз қызының есімімен аталатын мұсылман қуыршағын дайындап, шығаруды көздеген. «Дженна» есімді қуыршақтың түрі шығыс қыздарының түріне ұқсап, үстіне хижаб  киіп жасалғаны былай тұрсын, сонымен қатар, бұл қуыршақ Қасиетті Құранның бірнеше сүрелерін айтады екен.  Аталмыш қуыршақты жасап, шығару үшін бизнес-ханымға бір қытайлық фабрикамен келісімшарт жасаудың сәті түсіпті.

Самираның айтуына қарағанда,  осы қуыршақты сыйға алған оның қызы Дженна қуыршақ айтатын сүрелердің бәрін бірнеше күн ішінде жаттап алған екен.

Мұсылман қуыршағының мол табыс әкеле бастағанын көрген Амарир өзі ойлап тапқан бұйымын дәулетті ислам елінде сату үшін, отбасымен  Франциядан Әмірлікке көшуге бел буған.

Тағы да оқыңыз:

Осетияда бұлақтың суы лапылдап жанды (видео)

Итті құдай көретін мяо халқы оған ерекше құрмет көрсетті

Қытайлық әйел көшеде босанып алып, әрі қарай жұмыстарымен кете барды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар