Өзбекстанда аудан басшысы Тәуелсіздік мерекесіне немқұрайлы қараған мектеп директорларын аямай ұрды (видео)

Жұма, 15 Қыркүйек , 2017 14:19

Ғаламторда Өзбекстандағы аудан басшысының директорларға қатаңдық көрсеткен сәті жарияланды.

Bezymyannyy2

Сайхунабад ауданының басшысы мектеп директорларына дауыс көтеріп, қол жұмсады. Оған себеп Тәуелсіздік мерекесіне байланысты қойылған шараға аз ғана мұғалімнің келуі. Мектеп директорлары қол көтеріп, ұрып жатса да аудан басшысына қарсылық көрсеткен жоқ.

Аудан басшысы бұған дейін мерекені нашар ұйымдастырғаны үшін сөгіс алған.

Азаттық радиосына берген сұхбатында мектеп директорының бірі аудан басшысының бұған дейін де қатігездік көрсеткенін айтты.

«Бізге мерекеге бару жайында жарты сағат бұрын ғана айтылды. Сондықтан ешкімді жинап үлгермедік. Біз жаңа оқу жылына дайындалып жатқан едік», – деп ақталды мектеп директоры.

Тілшілер аудан әкімімен байланысқа шыға алмады.

Тағы да оқыңыз:

Тарих: Естай ғашық болған Қорлан ашаршылық жылдарында азап шегіп қайтыс болған

Танымал әншінің өліміне Күн планетасындағы жарылыстар себеп болуы мүмкін

Әлемге әйгілі газет журналисі өзенге қол жуамын деп қолтырауынға жем болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар