Атырау облысындағы дала өртінің бір бөлігі сөндірілді
Атырау облысында 20 қыркүйек күні Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде Каспий теңізінің жағасында қамыс өртенді. Төтенше жағдайлар департаменті жалынның бір бөлігінің ауыздықталғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өрт аумағы 60 гектарға дейін ұлғайып, түтін мен күл қалдықтары қалаға дейін жеткен болатын.
21 қыркүйек күні таңертең құтқарушылар таңғы сағат 7:30-да тікұшақты жұмылдырды. МИ-8 барлау жұмыстарын жүргізіп, ашық отта екі жану ошағы бар екенін анықтады.
Сағат 16:30-да ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі бір ошақ 400 шаршы метрді, екіншісі бір гектарға жуық аумақты алып жатқанын хабарлады.
"Ақ Жайық" табиғи резерваты аумағында қамыс өртінің таралуы тіркелмеген. Тікұшақтан 33 су шашу жұмыстары жасалды”, – деп атап өтті министрлік.
Оқиға алаңының 400 квалраттық алғашқы ошағы сөндірілді.
Еске салсақ, Атырауда сулы-батпақты жерлерде өртенген қамыс екі аптадан бері жанып, тұрғындар шағымданған болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”