Ер азамат үй тапсырмасын орындамаған ұлын өртеп жіберген
Пәкістанда Назир атты ер адам 12 жастағы ұлын үй жұмысын орындамағаны үшін тірідей өртеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail сайтына сілтеме бере отырып.

Ер азамат ұлы Шахир ханды тіл алмағаны үшін жазалап, сабағын оқытпақшы болған. Баласының денесіне керосин құйып, сіріңкені қасына апарып қорқытқысы келгенде, май тұтанып, өрт лаулады. Анасы Шазия мен әкесі өртті сөндірмек болып, баласының үстіне көрпе жапқанымен, өрт сөнген жоқ.
Баланың денесі күйіп, ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер оны аман сақтап қала алмады. Бозбала екі күннен соң жан тапсырды. Шазия күйеуін сотқа берді.
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр
Тұрғынның сөзінше, мектептің қабырғалары жарылып, едені шіріп кеткен, жауын-шашынды күндері төбеден су ағады
Мектеп бітіру кешінде шампур тығып алған: Алматы облысында Әлібидің өліміне күдікті жасөспірім 10 жылға сотталды
Аталған қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды