Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел жақсы оқығаны үшін қызының сыныптасын улап өлтірді

Үндістанның Карайкал қаласында тұратын 42 жастағы Сагаярани Виктория мектепте үлгерімі ең жоғары оқушы болған қызының сыныптасын улады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мектептегі жыл сайынғы шара барысында ол өзін күзетшіге Баламаникандан есімді жасөспірімнің анасымын деп таныстырып, оған екі бөтелке алкогольсіз сусын беруді сұрайды. Ойында ешнәрсе жоқ оқушы суды ішкеннен кейін құса бастаған.

Алаңдаған ата-ана 13 жасар жасөспірімді жекеменшік ауруханаға апарып, емдеп, үйіне қайтады. Келесі күні оның жағдайы қайтадан нашарлайды. Баламаникандан мемлекеттік ауруханаға түсіп, сол күні кешке көз жұмған.

Өлерінен бұрын жасөспірім анасына күзетші арқылы берген сусыннан кейін ауырып қалғанын айтқан. Баласының уланғанына күдіктенген анасы бірден полицияға хабарласқан. Карайкалдың Шериф кеңсесінің қызметкерлері тергеу кезінде Викторияға назар аударып, жауап алды. Әйел өз әрекетін мойындап, сусындарға "диарея тудыратын халықтық дәрілерді" араластырғанын айтты.

Виктория қамауға алынып, кейінірек кісі өлтіргені үшін түрмеге жіберілді. Шериф кеңсесі әйел Баламаникандан әрқашан оның қыздарынан жоғары баға алатынына қызғанышпен қарағанын атап өтті.

Талқылау