Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денелерін ағашқа іліп қойған: Кедей отбасынан шыққан екі жасөспірім қызды бір топ адам зорлап, өлтіріп кеткен

 Үндістанның Уттар-Прадеш штатының солтүстігіндегі Тамоли Пурва ауылында ағашқа ілінген жасөспірім қыздардың денесі табылды. Олардың 15 және 17 жастағы апалы-сіңлілер екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Полицияның мәліметінше, жәбірленушілерді алқапқа алдап апарып зорлаған. Содан кейін оларды өздері тағып жүрген орамалмен қылқындырып өлтірген. Кейін денелерін ағашқа іліп, тастап кеткен.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Сондай-ақ ызаланған ауыл тұрғындары наразылық акциясын өткізді. Бастаманы тек полиция ғана тарата алды. Құқық қорғау органдары мұқият тергеу жүргізіп, күдікті ретінде алты ер адамнан тұратын топты ұстады. Қазір олар зорлау және кісі өлтіру ісі бойынша сот процесін күтуде.

Deutsche Welle 2014 жылы да Бадаун аймағында екі кәмелетке толмаған қызды да зорлап, ағашқа іліп қойғандар ісі туралы еске алды. Оқиға үлкен наразылыққа ұласып. БҰҰ-дағы отырыстардың бірінде көпшілік кінәлілерге жедел шаралар қабылдауды сұрады.

Далиттер — "кесапаттылар" - Үндістанның касталар иерархиясындағы ең төменгі әлеуметтік таптың жалпылама термині. 1950 жылы елде касталық дискриминацияға заңнамалық деңгейде тыйым салынғанына қарамастан, оларға күн сайын қысым көрсетіліп, зорлық-зомбылыққа ұшырап құқықтары бұзылады. Үндістанның қылмыстарды тергеу жөніндегі ұлттық бюросының (NCRB) мәліметтері бойынша, соңғы бірнеше жыл ішінде далиттерді қорлаудың 71 мыңнан астам жағдайы тіркелген.

Бұндай жағдайларға көбінесе қыздар мен әйелдер тап болады. Ұлттық қылмыстарды тіркеу бюросының бағалауы бойынша, Үндістанда күн сайын орта есеппен 87 әйел зорлық-зомбылыққа тап болады. Көбінесе ер адамдар қыздарды жұмыс істейтін алқаптарға алдап апарып, азғындық жасайды. 

Талқылау