AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда вакцина салғызғандардың арасында миллион теңгелік сертификаттар ойнатылуда

Атырауда вакцина алып, ұтысқа ие болған жеңімпаздарға 200 мың теңгенің сертификаттары тапсырылды. Бұл туралы Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұтып алды

"Вакцина сал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!" ұтысының 11 тамызда төртінші кезеңі қорытындыланып, 10 жеңімпаз анықталды. Олардың әрқайсысы 200 мың теңгенің сертификатына ие болды.

Жеңімпаздар қатарында түркістандық Байқоныс Сәрсембаев та бар. Ол Атырауға ауысымдық жұмысқа келіп, жергілікті вакцинациялау пунктінен екпе алған.

“Өте қуаныштымын! Бұйырған кетпейді екен. Жұмысқа барар алдында, өз денсаулығым үшін екпе алғанмын. Бірақ ақша ұтамын деп мүлде ойламаған едім”, – дейді Б.Сәрсембаев.

Еске сала кетейік, Атырауда аталған ұтыс ойыны биылғы жылдың 30-шы маусымынан басталды.

Осы уақытқа дейін, 32 жеңімпаз анықталды.

Оның екеуі 3 миллион теңгенің иегері. Ұтыс ойыны қазан айына дейін жалғасады. Ал қыркүйекте осы айдың соңына дейін вакцинацияланғандар арасында 1 миллион теңгелік сертификаттар ойнатылады.

Еске сала кетелік, "Азаматтық альянс" ұйымының бастамасымен іске қосылған ұтыс акциясының жалпы жүлде қоры – 40 миллион теңге.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр