Атырауда кәсіпкерден 10 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды
Фото: istockphoto.com
Атырауда кәсіпкерді бопсалады деген күдікпен журналист ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 36 жастағы журналист жеке кәсіпорын басшысынан компания қызметіне қатысты видеоны таратпау үшін 10 миллион теңге талап етті деген күдікке ілінген.
"Ақшаның бір бөлігі, 4 миллион теңге делдал арқылы берілген. Күдікті қаладағы қонақүйлердің бірінде ұсталды", – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкенттік кәсіпкерден миллиондап ақша бопсалаған блогер ұсталған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген