Атырауда батарея жұтып көз жұмған сәби: Дәрігерлер ата-анасына заттың табиғи жолмен түсіп қалатынына сендірген
Атырау полициясы облыстық балалар ауруханасында 11 айлық баланың өлімін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облыстық дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР ҚК 317-бабының 3-тармағына сәйкес (адамның өліміне әкеліп соқтырған медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу облыс прокуроры мен полиция департаменті басшысының бақылауында», - деді ДП баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасында рентгеннен кейін дәрігерлер баланың денесінде батарея барын хабарлаған болатын. Олар оны эндоскопияны пайдаланып шығаруға тырысты, бірақ олай алмады. Содан кейін ота жасалды, ол да көмектеспеді. 28 желтоқсанда нәресте тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды. Кейін қайтыс болған баланың әжесі Facebook-те Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа үндеу жариялады, онда ол аурухана дәрігерлеріне немқұрайдылық жасады деп айыптады.
Атап айтқанда, хатта баланың iPad-тың қақпағынан магнитті жұтып жібергені, дәрігерлер ол заттың денеден табиғи жолмен шығатындығы туралы айтанын жеткізді.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
