Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда нәресте батарейка жұтып қойғандықтан көз жұмды

Атырауда 11 айлық сәби батерейка жұтып қойып, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі,  "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап. 

Оқиға 28 желтоқсан күні орын алыпты. 

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растап отыр. Айтуларынша, дәрігерлер баланың ағзасында тұрып қалған бөгде денені рентгенге түсіргеннен кейін анықтаған. Мамандар батереяны эндоскопия көмегімен шығармақшы болыпты, алайда қолдарынан ешнәрсе келмепті. Одан кейін ота жасалған, бірақ баланы өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған. 


 

Талқылау