Атырау облысында шағалалардың қырылуына байланысты аңшылық тоқтатылды
Каспий теңізіндегі аралдарда шағалалардың жаппай қырылуына байланысты Атырау облысында құстарды аулау тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Мереке Шалқаровтың айтуынша, қазір 6 мыңға жуық өлі шағала табылған. Бастапқыда олар NCOC компаниясына тиесілі Қашаған кенішінің екі жасанды аралынан табылыпты. Комиссия құрылып, оқиға орнына мамандар барып, судан, топырақтан, ауадан сынамалар алынып, құс мәйіттері сараптамаға алынды. Осы оқиғадан кейін өлген шағалалар Ақжайық қорығы аумағындағы құмды аралдардан да табылды.
1 маусымнан бастап көрші Астрахан облысында құс тұмауының анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізілген. Сондықтан суда жүзетін құстарды аулау маусымын тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұрын хабарланғандай, Атырау облысында өлген шағалаларда АН5 құс тұмауы расталды.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады