Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда бұрынғы аудан басшысы сенімдік нотасына қарамастан қала әкімі боп тағайындалды

Атырау қаласының әкімі болып Шәкір Кейкин тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шәкір Кейкин 1970 жылы Атырау облысының Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласындағы "Теңізмұнайкомплект" ЖШС коммерциялық бөлімінің брокері ретінде бастады.

1999 жылдан 2001 жылға дейін "РАМАКО"ЖШС директорының коммерция жөніндегі орынбасары, 2008 жылға дейін  "Казстройсервис ЛТД"ЖШС директоры болды. 2008 жылдың ақпанынан қазанына дейін Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі болып, одан кейін бір жыл Құлсары қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2009-2018 жылдар аралығында Жылыой ауданының Құлсары қаласының әкімі боп істеді.

2018-2019 жылдары қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болды.

2019 жылдың ақпаны мен қыркүйек аралығында Атырау қалалық әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Содан соң 2022 жылға дейін Мақат ауданының әкімі болды.

Қаңтар оқиғалары кезінде Мақат ауданының тұрғындары Жаңаөзендегі наразылықтарды қолдау мақсатында митингке шыққанда, әкім Кейкин бірінші күні олармен кездесуге шықты, бірақ екінші күні келмеді. "Азаттық радиосының" мәлімдеуінше, 5 қаңтарда аудандық мәслихат депутаттары Шәкір Кейкинге сенімсіздік білдіру туралы хаттаманы толтырып, Ғазиз Ғабдулиннің кандидатурасын қолдады. Содан кейін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамб Ғабдулинмен кездесіп, оны аудан әкімі лауазымына бекіту туралы мәселені қарауға уәде берді.

2023 жылы наурыздан бастап қазіргі күнге дейін Кейкин Сауда және интеграция министрлігінің сауда департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Облыс әкімі Шәкір Кейкиннің ТКШ және мемлекеттік басқару саласында тәжірибесі мол екенін атап өтті. 

Талқылау