AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ата-аналар дұрыс тақпақ талап ету керек": Тележүргізуші желіде тараған тақпақ мәтіні жайлы айтты

Желіде балабақшада айтылған тақпақ жыры сөз болды. Тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы бұған қатысты өз ойын желіде жазып, тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдеріне сын айтты. 

“Балабақша тәрбиешілері де, бастауыш сынып мұғалімдері ізденбейді ғой. Әйтпесе қазақта не көп, балаларға арналған тақпақтар көп (ана туралы да, әке туралы да, ата, әже, бауыр, туыс туралы, жан-жануар, аң-құс туралы да...) Жалғыз "Әлдиден эпосқа дейіннің" өзі тұнып тұрған кен емес пе? Немесе Мұзафар Әлімбаевтың балаларға арналған әдемі тақпақтары жүздеп саналады. Барлық балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып оқушыларын "Балдырған" журналына мәжбүрлеп жаздыру керек!” – деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы. 

Желіде тараған тақпақтың мәтіні желіде тез тарады. Желі қолданушылары да мұны тәрбиешінің салғырттығы деп болжады. 

“Айналайын анашым, 

Әлпештеген баласын.

Еміп өскен бөбекпіз, 

Анамыздың мамасын”, – делінген тақпақ мәтінінде.

“Ата-аналар тәрбиешіден авторы бар дұрыс тақпақтар талап етуі керек. Егер тәрбиешілер осындай шатпақтарды балаға жаттауға берсе, ізденбесе, ата-аналар өздері ондай тақпақтардың орнына дұрыс тақпақ жаттату керек”, –дейді тележүргізуші. 

“Өздері жазып алып, айта беретін болыпты”, “Тәрбиешінің өзінің шығарғаны секілді”, “Балабақшаның тәрбиешілері де аз ойланса, тақпақтың неше түрін шығарар. Жалқаулық басым, өз жұмыстарын жақсы көрмейді-ау, шамасы”, “Сауаты жоқ диплом сатып алған мұғалімнен не білім дәметеміз”, “Айналайын анашым, мәпелеген баласын, бөпем адам болсын деп, аянбаған данасың десе болмас па?”, “Интернеттен алған да өзі оқымаған болып тұр ғой. Оқыса да, сөзге түсінбеген адамның ісі. Жалпы интернеттен алып қажеті жоқ, қатесі көп болады. Кітапханаға барып ізденген дұрыс”, – деді желі қолданушылары. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр