Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерхан Пірназар: Баян Мақсатқызы "сенің түрің тым әдемі" деп мені қабылдамады

Көп арудың жүрегін жаралаған актер Шерхан Пірназар кино саласындағы қызықтар жайлы айтты. Баян Мақсатқызының көңілін қалай тапқанын, кино түсіріліміндегі қызықтар мен өз жоспарларын баяндады.

Бұл туралы “Түнгі хабар” бағдарламасында айтылды. 

Шерхан Пірназар кино саласындағы қызықтарға тоқталды. Өзі көрерменге “Маңқа” фильмі арқылы танылған. Актер осы рольге қалай алынғанын айтты. Бастапқыда продюсердің көңілінен шықпаған ол бар өнерін салып, басты рольге қабылданғанын айтады. 

“Маңқа кейіпкері – бандиттің образы. Мен кастингке барғанда Баян әпкеміз сенің түрің келмейді деді. Сен тым әдемі екенсің деп қабылдамады. Бандитке қарағанда көңілдестің рөліне келесің деді. Бірақ мен бағымды сынап көргім келді. Бір мүмкіндік берді. Мен ойнап бердім. Ол кісі таңғалып қалды. Екінші рет тағы сұрады. Мен тағы бар өнерімді салдым. Ертең режиссермен ақылдасайық деді. Ертесі Маңқаның рөлін алдым”, – деді ол. 

Шерхан Пірназар кәсіби актер. Театр әртісі. Бағдарлама тізгінін ұстап, көрерменге танылып үлгерді. Актер кино түсірілімдері кезінде түрлі қызықты жайттар болатынын айтады. Тәуелсіздіктің құрдасымын деген ол қазір жастарға көп мүмкіндік беріліп жатыр дейді. 

“Қазір жастарға жағдай жасалған. Бұрынғыдай емес. Егер көзін тапқан адам болса, бірнеше мүмкіндік бар. Мен де жаспын. Қазір 30-дамын. Тәуелсіздіктің құрдасымын. Барлық жағдай жасалып жатыр. Жастардың да екпіні жақсы. Қайда барсаң жастар қаптап жүреді. Ұмтылып жүреді. Әлдене жасап жүреді. Бұл адамды қуантады”, – дейді актер. 


Талқылау