Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы ЖЭО-2-де апат болды: Оқиғаға энергетика министрлігі түсінік берді

Астанада ЖЭО-2-де компенсатор жарылды. Оқиғаға энергетика министрлігі де түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Астана тэц

"Астана Энергия" АҚ мәліметінше, 9 ақпанда сағат 11:44 кезінде реттеу жүйесіндегі ақауға байланысты төртінші турбоагрегат өшірілді. Соның салдарынан компенсантор ажырап қалған.

“Бұл жағдай апат ретінде саналмайды. Барлық жүйе ретке келтіріліп, төртінші турбоагрегат іске қосылды. Оған түсетін жүктеме бұрынғыдай 100 мВат шамасында. Осы жағдай ЖЭО-2 жұмысына ешқандай әсер еткен жоқ", – делінген таратылған хабарламада.



Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі дәл қазір екінші жылу электр орталығындағы төртінші турбина қалып режимде жұмыс істеп тұрғанын растады. Ондағы ақау электр және жылу энергиясын шектемеді.

Бұл оқиға реттеу жүйесінде ақау тудырған.

Бұған дейін Степногорсктегі ЖЭО-де апат болып, тұрғындар жылу мен жарықсыз қалғаны белгілі болған.

Талқылау