Астанада “қытайларға жер сату” дауы бойынша Бердібек Сапарбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр
Астанада Бердібек Сапарбаевтың арызы бойынша басталған сот отырысының алғашқы тыңдалымы өтуде. Ақтөбе облысының әкімі өзі туралы жалған ақпарат таратқаны үшін блогерден 5 млн теңге өндіріп алуға ниетті.
Фото: total.kz
Бұл туралы NewTimes.kz хабарлайды.
Блогер Айдын Егеубаевтың қоғамдық қорғаушысы Мақсат Нұрыпбаевтың айтуынша Бердібек Сапарбаевтың талабы бойынша алғашқы сот тыңдалымында бірнеше өтініш берілген. Ол өтініштерде процеске БАҚ өкілдерінің қатыса алуы, сот отырысына Бердібек Сапарбаевтың өзінің де келуі, жауап берушінің куәгерлері туралы мәселе қарастырылыпты.
“Біз куәгер ретінде төрт адамды шақырғымыз келеді. Бұл Үржар ауданының бұрынғы әкімі Бауыржан Жанатов, сол ауданның жер бөлімінің бұрынғы басшысы және ауданы әкімінің орынбасары, ол өз уақытында жер комиссиясын да басқарған, “Бәтуа” ЖШС басшысы Нұрлан Бияділов”, – дейді қорғаушы.
Ол БАҚ өкілдерінің сот процессіне қатысу туралы өтінішін судья бірден мақұлдағанын айтты. Нұрыпбаевтың қалған екі өтініші әзірге қаралу үстінде.
“Сапарбаев 5 млн теңге өндіріп алғысы келеді. Талап арызында бұл анық көрсетілген”, – дейді қоғамдық қорғаушы.
Еске сала кетсек, бұған дейін азаматтық белсенді Айдын Егеубаев Қытай азаматтарының қазақстандықтармен ортақ кәсіпкерлік ашып, сол арқылы ШҚО-дан жерді жалға алғандығын жария еткен еді. Егеубаев бұл іс сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен болғанын да айтқан. ШҚО экс-әкімі Сапарбаев өзіне қатысты жария болған бұл ақпаратты теріске шығарып, Егеубаевты сотқа берген болатын.
Оқи отырыңыз:
Министр 2017 жылы енгізілетін ҰБТ жаңалықтарын түсіндірді
Алматы полициясы көлікте отырып дәрет сындырған қызметкерді іздеп жатыр
Тамара Дүйсенова: Жұмыссыз жүрген жастарды әскерге жіберу керек