Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Министр 2017 жылы енгізілетін ҰБТ жаңалықтарын түсіндірді

Бүгін үкімет отырысынан кейінгі брифингте ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілетін жаңалықтарды түсіндіріп берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

1374

«Қазір ҰБТ бойынша түпкілікті жоба әлі жоқ. Ол педагогикалық қоғамдастық талқылауына ұсынылады. Жалпы, жоба талқылауға дайын тұр. Ол мектептерде бірнеше пәннен түлектердің емтихан тапсыруына қарастырады. Ал ҰБТ жалғыз ғана, сұрақтар құрылымы өзгеріске ұшырайды», – деді ол.

Оның нақтылай түсуінше, жобада 100-ден астам сұрақтың болуы көзделген.

«Оның 60 сұрағы математикаға, жылдам оқуға, түсінуге қатысты болады. Ол барлығына да бірдей. Талапкердің болашақта таңдайтын мамандығына қатысы бар 60 сұрақ 30 сұрақтан 2 блогқа бөлінген. Егер шартты түрде айтар болсақ, түлек медицинаға түсетін болса, онда ол 60 стандартты сұраққа жауап береді. Оның 30 сұрағы биологияға, ал келесі 30-ы химияға қатысты. Ұпай жинайды. Қалған процедура айтарлықтай өзгеріссіз қалады»,- деді Сағадиев.

Оның сөзіне қарағанда, бұл жоба қазігі уақытта толықтай дайын және педагогикалық қоғамдастықтың шағын бөлігіне талқылауға берілген.

«Талқыланғаннан кейін біз жобаны ҚР БҒМ сайтында жариялап, пікір қабылдай бастаймыз», – деді министр.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы полициясы көлікте отырып дәрет сындырған қызметкерді іздеп жатыр

Ата-аналар қалыңмал төлеудің жаңа әдісін ойлап тапты

Тамара Дүйсенова: Жұмыссыз жүрген жастарды әскерге жіберу керек

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген

"Үйленгенде тойыма шақырамын": Димаш Құдайберген қазақстандық Ник Вуйчичпен футбол ойнады

Әли Әмір: "Димаш аға бізбен футбол ойнап, қуаныш пен бақытқа бөледі"

"Бибігүл, тоқта! Қазір тоқтамасаң, ертең кеш болады": Заңгер тележүргізуші Бибігүл Дәулетбектің қандай арсыз әрекетке барғанын айтты

Айгүл Орынбек: Мүгедек балалардың несібесін жеу бұл барып тұрған сұмпайылық

Ешкім күтпеген еді: 22 жастағы қазақ жігіті төрт дүркін әлем чемпионын ойсырата жеңді (видео)

Бекзат Нұрдәулетов кубалық қарсыласының тіссауытын қағып түсірді

"Аяқ-қолы сау еркек отбасын өзі асырауы керек": Елорда әкімі көпірден секірмек болған жігіт жайлы

Көлгінов: Ер азамат деген аты бар, отбасына жауапкершілікпен қарау керек

"Айқайлап, көпірден секіріп үй алам деп ойламаңыздар": Елорда әкімі көпбалалы аналардың баспана мәселесі жайлы

Көлгінов: Бұл заңсыз, этикаға да жатпайды

"Тамағыңнан бауыздаймын, тыныштық бермеймін": Қазақстандықтарға хабарласып код сұрайтын алаяқтар қорқытуға көшкен

Тұрғындар алаяқтардың гипноздап тастайтындай жағдайға жеткізетінін айтты

Табысы жылына 3 млрд долларға дейін: Ел байлығының тең жартысы 162-ақ адамның қолында

2019 жылғы Forbes рейтингі бойынша, байлығы жөнінде бірінші орында Владимир Ким тұр

Әнші бұрын қандай еді, кейін қалай өзгерді: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әншінің өміріндегі жарқын мезеттерге шолу
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр