Астанада 23 жастағы жігіт жоғалып кетті
23 жастағы Сыздықов Думан 5 мамыр күні үйінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған. Ол сол күні жұмысына баруы керек болған.
Бұл туралы Бірінші арна хабарлайды.
Ол елордада киім тазалаушы болып жұмыс істеген. Алайда, бастығы оны 4 мамырда соңғы рет көргенін айтқан.
Жігіттің жақындары онымен бір күннен соң хабарласқанын айтады. Ол кезде жігіттің көңіл-күйі көтеріңкі болғанға ұқсайды. Ал, 7 мамыран бері ұялы телефоны жауапсыз қалған.
Думанның ата-анасы 10 мамыр күні ұлының жоғалғанын айтып, полицияға хабарлаған. Ол екі аптадан бері іздестіріліп жатыр.
Оның туыстары Думан жайлы ақпарат білген адамдардан 8 702 509 98 66; 8 778 357 81 05 немесе 112 нөміріне хабарласуын сұрайды.
Жіберіп алмаңыз:
Астанада соңғы қоңыраудан кейін жоғалып кеткен оқушы қыз табылды
Талқылау