Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында ер адам кене шаққаннан көз жұмды

2023 жылы Қызылорда облысында конго-қырым геморрагиялық қызбасының 13 жағдайы тіркеліп, оның біреуі клиникалық және зертханалық түрде расталған. 18 сәуірде осы аурудан бір адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kyzylorda-news сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Қызылорда конго-қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Инфекцияның тасымалдаушылары – иксодид кенелері.

Биыл індет басталғаннан бері қалада 54 адам кене шаққан.

"Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – ауыр зардаптарға әкелетін жұқпалы ауру. Инфекцияның көзі және тасымалдаушысы –  иксодид кене. Ауру сәуірден қазанға дейін кененің көбеюіне байланысты ушығады. Көбіне ауылшаруашылық қызметкерлері осы ауруды жиі жұқтырады", – делінген хабарламада.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары:

  • Далада жұмыс істегенде, мал баққанда, кене шағып алмас үшін жеңі ұзын жабық киім киіп, шалбарды шұлықтың ішіне тығып, резеңке қолғап киіп, дененің ашық жерлерін толығымен жабу керек;
  • Кене шаққан жағдайда оны қолмен алып тастамаңыз, қысқышпен абайлап алыңыз. Шаққан жерді йодтың 5% спирт тұнбаларымен немесе 70% спиртпен өңдеп, дереу жақын жердегі медициналық мекемеге хабарласу керек.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда әже апельсин тіліміне тұншығып, өліп қала жаздағаны айтылды.

Талқылау