Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер өз ісін бастауда қандай кедергілерге тап болады? Кәсіп ашуға қаржы табудың жолдары

Әрбір адам өзіме жұмыс істесем, ешкімге бағынбасам, өз ісімнен ләззат алсам деген идеяның жетегінде жүріп, кәсіп бастау туралы ойланатыны жасырын емес. Алайда кәсіп бастау оңай емес. Бұл бастама қаржы сауатын, өз ісіңе деген шексіз құлшыныс пен қатал бәсекелестікке деген төзімді қажет етеді. Сондай-ақ кәсіпкердің бизнес бастауда кезігетін алғашқы кедергісі – қажет қаржының табылмауы. Осы ретте мақсат айқын, бірақ мүмкіндік жоқ болып көрінгенде не істеу керек? Кәсіп бастауға қаражат табудың қандай жолдары бар? ЦентрКредит Банкімен бірге зерттеп көрдік. 

Сенім

Кәсіпкерлік оңай жол емес. Бірінші кезекте бұл өзіңнің ішкі қорқынышыңды жеңіп, әртүрлі қиындықтарға дайын болу. Бұл түпкілікті мақсатыңды білгенмен, оған баратын жолдың қалай бұрылып, ауа райының қалай өзгеретінін білмей сапар шығумен тең. Барлығына дайын болу үшін ерік-жігер қажет.

Кәсіпкерлер ғана емес қарапайым адамдардың өзінде ертеңге күнге деген сенімділік бола бермейді. Ал сенің қол астыңда басқа адамдар барын, сенен жақсы тауар күтіп отырған тұтынушы барын ескерсек, кәсіпкерлердің өзіне сенімді болуы тіптен қиын. Сондықтан бизнеске келмес бұрын, бірінші кезекте өз күшіңізге деген, ертеңге деген сенім арттырып, менталды денсаулығыңызды ойлау қажет.

Жалғыздық

Алдыңыздан шығатын тағы бір қиындықты қарапайым тілмен жалғыздық деп айтуға болады. Себебі жоғарыда айтқанымыздай бизнес ол сенімді адамдардың ісі. Сондықтан жауапкершіліктің барлығы бір басыңызға түседі. Дегенмен мұны жеңудің ең тиімді жолы қызметті дұрыс бөле білу, өзгелерге тапсырма беріп, өз жұмысыңызды жеңілдетуге болады. Сіз көшбасшы ретінде жұмысты бақылап, басқаларға бағыт беріп отыруыңыз керек екенін ұмытпаңыз.

Алайда жалғыздықтан да, сенімсіздіктің де артықшылықтарын көруге болады. Жалғыздық адамның өз ойымен, өз идеяларымен қалуына көмектеседі. Ал өз қызметіңе деген күмәннің болуы күн сайын жаңа өзгерістерге ұмтылып, жұмысыңызды жақсартуға мотивация бола алады.

Қоғамдық пікір

Қоғам пікірінен шықпай қаламын деген қорқыныш та болуы мүмкін. Алайда мұның да екі тұсы барын ұмытпаңыз. Қоғам сізді әрдайым артқа тартып, сынап, кемшілігіңізді бетке басып отыруы мүмкін. Сіздің алдыңызда екі жол болады. Сынды дұрыс қабылдап, бизнесіңізді өрге домалату немесе “расымен қолымнан келмейді” деп бәрін тастап кету. Алайда ұзақ уақыт сын естіп, кейін сол сыннан сүрінбей өтіп, қызметіңізді жақсартып, мадақ естудің қандай ғанибет екенін ойлап көріңізші. Сондықтан қоғамға өз артықшылықтарыңызды, еңбегіңізді көрсетудің жолын іздеңіз.

Қаржы

Қажырлы еңбегіңізді әлемге көрсетудің өзі жүйкені жұқартады. Әсіресе, сіз өз жобаңызды алғаш таныстыру кезінде айтарлықтай қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін. Мәселен, көптеген кәсіпкерлер үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу үлкен қиындық тудыруы мүмкін. Себебі бұл қаржыға келіп тіреледі.

Бұдан бөлек, таныстыруды қалайтын жобаны нақтылауға, оның сыртқы келбетін құрып, бренд жасауға, өнімді орау, жеткізу стратегияларының өзі үлкен еңбекті қажет етеді. Бірақ түптеп келгенде, бұл да қаржыға келіп тіреледі. Ендеше бизнес бастау үшін қаржыны қайдан аламыз?

Кәсіп туралы идея келгеннен бастап қаржыны дұрыс пайдалану туралы ойлану қажет. Әрбір кәсіпкердің алдында бірінші кезекте қаржыны қайдан аламын деген сауал туындайды. Бұл да дұрыс.

Ендеше кәсіп бастауға қаражат табудың қандай жолдары бар, соған тоқталайық.

Мемлекеттік бағдарламалар

Қазіргі заманда бизнеске идея болса болды, қаржы табу жолдарын іздеу оңай. Себебі қазір мемлекеттің өзінде де, банктерде де кәсіпкерлерді қолдауға арналған, олардың кәсібінің бастапқы кезеңіне жеңілдетілген субсидия немесе несие беру бағдарламалары көп. Мәселен, кәсіпкерлерге арналған "Бизнес бастау" жобасы көп жас кәсіпкердің ісін өрге домалатуға көмектесіп келеді. Бұдан бөлек, Еңбек министрлігі жанынан әлеуметтік қолдау бағдарламаларын тауып, арнайы топ өкілдері қайтарымсыз қаржы алып, бизнес аша алады.

Инвестиция тарту

Бұдан бөлек, қазір инвестиция тарту мүмкіндіктері бар. Мәселен, сіздің идеяңыз ерекше болса, ол өзге адамдарды қызықтырып, болашақта үлкен бизнеске айналу мүмкіндігі болса, арнайы платформаларда, мәселен, Astana Hub платформасындағы бизнес-инкубаторлар арқылы инвесторларды іздеп көруіңізге болады. Бизнес-инкубаторлар – стартаптарды қолдау үшін құрылған ұйымдар арқылы табуға болады. Олар бизнеске кеңсені жалға алуға көмектесіп, жабдықтар мен дерекқорларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Салық салу және құқықтану бойынша кеңес беріп, ең бастысы серіктестермен және инвесторлармен байланыс орнатады.

Несие алу

Қазір кез келген кәсіпкер үшін бизнес ашудың ең тиімді әрі жылдам жолы несие алу болып отыр. Себебі банктер мемлекет немесе инвесторлар секілді көп құжат немесе есеп талап етпейді. Өз идеяңызды ұсынып, оған өзіңіз сенімді болып тұрсаңыз, банктен бизнеске арналған несие алуға болады.

Мәселен, мұндай мүмкіндік ЦентрКредит Банкінде бар. Ол StartUp Бизнес несиесі деп аталады. Банкке бірнеше құжат тапсырып, 50 млн теңгеге дейін несие рәсімдеуге болады. Несиенің бұл түрі тың идеялары бар жаңа кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жасалған. БЦК несиесіне үйде отырып, сайт арқылы өтініш беруге болады. Бар болғаны сайтқа кіріп, компания атын жазып, байланыс нөмірі, электронды поштамен, кәсібіңіздің жеке сәйкестендіру нөмірін толтырасыз, өңірді белгілеп, қанша сома қажет кенін жазасыз. Банк сізден тіпті қаржыны бизнесте нақты қалай пайдаланатыныңызды сұрамайды. Кәсібіңізге 30 минут ішінде қаржылық анализ жүргізіліп, жауап келеді.

Айта кетейік, дәл StartUp Бизнес несиесін алған жағдайда да сіз автоматты түрде кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатыса аласыз. Кәсіпке берілетін несиенің талаптары жоғары болғанымен, пайыздық мөлшері аз, сәйкесінше тиімді.

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры

Дәл қазір ауыл шаруашылығы саласында агронесие немесе экологияға зиян келтірмейтін элементтері бар кәсіп ашсаңыз, жасыл несие алу аса тиімді болады. Мұндай мүмкіндікті “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жеңілдетілген несиесі арқылы пайдалануға болады. Қор шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсетеді.

Қор көмегіне жүгініп, екінші деңгейлі банктердің бірінен несие алуға болады. Мәселен, біз жоғарыда атап өткен ЦентрКредит Банкі 2023 жылы “2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту” жөніндегі ұлттық жобаның және “қарапайым заттар экономикасының бағдарламалары” шеңберінде субсидиялар төлеуді қайта бастаған еді.

Қаржы табу және қаржы сауаты

Табысты бизнес туралы тренингтерді көп естігеніңізбен, шын мәнінде табысты бизнес құру оңай емес. Себебі әр кәсіптің өз қиындығы, әр кәсіпкердің өзіндік ерекше жолы болады. Қаржы маманы Жанар Қожабаеваның сөзінше, қазір іскерлік тренинг өткізіп жүргендердің көбі болашақ кәсіпкерлерді адастырып келеді. Себебі оларға тек идея туралы айтылып, қаржы сауаты туралы, болашаққа инвестициялау туралы сөз болмайды.

"Мен алғаш қыруар қаржы таптым екен деп, кассадағы қаржыға жүгіріп барып, оны жұмсап тастауға болмайды. Түскен табысты бөлу, өз-өзіңді шектеп, ақшаны бірден өз қажетіңе жұмсап жібермеудің өзі қиын шаруа. Сондықтан бірінші кезекте қаржы сауаты керек. Қол астыңда жұмыс істейтін адамдарға деген, клиенттерге деген, тауардың сапасына деген жауапкершілік болғаны абзал", – дейді ол.

Жанар Қожабаеваның айтуынша, кәсіпке ақша табу бір мәселе де, сол ақшаны тиімді жұмсау өз алдына бөлек мәселе.

"Банктен несие алып, енді кәсібім өрге домалайды екен деп отыруға болмайды. Себебі ол несиенің жауапкершілігі бар. Сондықтан алдымен қаржыны қалай жұмсайтыныңызға анализ жасап, жоспар құрып алу керек. Кәсіп бастаған адам автоматты түрде есепшіге айналып кетеді. Себебі сатып алатын тауарды, қызметкерлердің жалақысын, тағы да қосымша шығындарды алдын ала есептеу қажет", – дейді маман.

Қаржыны дұрыс пайдаланбау, бизнестің тез күйреуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан өз-өзіңізге есеп беруді үйрену қажет.

"Кез келген бизнес өз иесінің баласы секілді, оған бар уақытыңды арнап, бар мейіріміңді төгіп, оны дамуы үшін инвестициялар іздейсің. Балаңыз қандай да бір қате жіберсе, өзіңізді кінәлі сезінесіз ғой, сол сияқты бизнестегі әрбір қалт кеткен қадам бірінші кезекте сізге ауыр тиеді. Сондықтан қате жібермеуге, барлық қиындықты болжап отыруға тырысу қажет", – дейді ол.

Бұған қоса, маман бизнесті тез байып кету үшін емес, сенімді болашақ үшін ашудың маңызды екенін айтады.

"Қазір бәрі тез байып кету үшін жұмыс істейді. Бірақ кәсіп адамға ләззат сыйлау керек. Оның қоғамға пайдасы болуы керек. Және болашақта өз балаңмен мақтанғандай, бұл менің бизнесім деп мақтана алатындай болу керек. Сондықтан тез баюды емес, артыңнан іс қалдыруды ойлаған абзал", – дейді Жанар Қожабаева.

Сонымен қорыта келгенде, кәсіпкер болу үшін өз ісіңді сүю, оны қоғамға пайдалы етіп құрастыру маңызды. Бұдан бөлек, өзіңе берілетін мүмкіндіктерді іздеп, қаражат табу жолдарын қарастыру, оны тиімді жұмсап үйренген абзал.

 

Талқылау