Астанада соңғы қоңыраудан кейін жоғалып кеткен оқушы қыз табылды
Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі Әйгерім Сұлтанованың аман күйінде табылғанын растады.
«Қыздың өзінің айтуынша, ол құрбысының үйінде қалған. Ал, ұялы телефонын қуаттайтын құрылғысы істемей қалған», – деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Бүгін Facebook желісінде 25 мамыр күні Астана қаласындағы соңғы қоңыраудан кейін Әйгерім Сұлтанованың үйіне оралмағандығы жарияланған болатын. Қыздың анасы полицияға хабарласып, оқушының жоғалғаны жайлы арызданған еді.
Талқылау