Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егіз қыз 30 жылдан кейін кездесіп, ұқсастықтарына таңғалды

Бала күнінде бір-бірінен ажырап қалған қытайлық егіз 30 жылдан кейін қайта кездесіп, талғамдарының ұқсастығына таңғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Егіз апалы-сіңлілерді, үлкені Сунь Е мен кішісі Лю Яньды 1991 жылы туғаннан кейін көп ұзамай әртүрлі отбасы асырап алған. Жеті жасында Сунь өзінің асырап алынғанын, кейін оның егізі бар екенін білді. Көп жыл өткен соң, Сунь кездейсоқ Людің әлеуметтік желідегі профиліне тап болды. Ол қыздың өзіне ұқсайтынына таңғалып, сыңары екенін бірден түсінді. Сунь оның қайда жұмыс істейтінін біліп алып, кездесуге барғанында Лю ол жердегі жұмыстан шығып кетеді. 

Осыдан кейін Сунь оның ең жақын құрбысының нөмірін тауып алып, сол арқылы Люге егіз әпкесі бар екенін айтқызады. Өзінің асыранды бала екенін білмейтін Лю алғашында Суньды алаяқ деп ойлады. Алайда әпкесімен кеңескен кезде, бала күнінде асырап алынғанын және егіздің сыңары екенін біледі. 

Осыдан кейін Лю Суньмен кездесуге келісті. Егіз кездескен кезде бір-бірінің  шаш үлгісі, дауыс тембрі және киім үлгісі бірдей екенін көріп таңғалды. Сонымен қатар егіз ұлдарына бірдей ағылшын есімін берген. Олар бірден тіл табысып кетті. Көп ұзамай биологиялық ата-аналарын да тапты. 

Қазір апалы-сіңлі үнемі бірге уақыт өткізіп, тіпті бірге киім дүкенін ашты. 
"Егер біз бірге өссек, жақсы болар еді. Бірақ мен енді өміріміздің қалған бөлігін бақытты өткіземіз деп үміттенемін", – деді Сунь.

Талқылау