Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны қоғамдық көлікпен жүрем деп құрт ауруын жұқтырып алған

Елімізге жыл сайын ағылатын миллионға жуық миграттардың көбі туберкулезбен ауырады. Мамандар осындай адам шошырлық деректерді жария етті.

Тіпті шетелден жұмыс іздеп келетіндерден құрт ауруын жұқтырғандар да бар екен. Ең сорақысы, арамызда жүрген келімсектердің денсаулығын елімізде ешбір мекеме тексермейді екен. Қазақстандағы мигранттардың 15 пайызы туберкулезбен ауырады, ал бұл тек ресми тіркелгендерден ғана анықталған дерт. Ал заң өкілдерінен ашып, көзден таса жүргендері қаншама?! Қауіпті дерттің деңдеп кетпесіне кім кепіл? Ел азаматтарының қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Виталиус Даугела Литва елінен келген азамат. Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанға қызмет бабымен көшіп келіпті. 2016 жылы құрт ауруын қоғамдық көлікте жұқтырдым деп болжап отыр. Қазір денсаулығында кінәрат жоқ. Еліміздің дәрігерлері көмектесіпті.

«Мен қоғамдық көлікпен жиі қатынайтынмын. Мүмкін сол жерде жұқтырып алдым деп ойлаймын. Онымен қоса, үй-күйі жоқ адамдарға көмектесетінім тағы бар. Туберкулездің адам кез-келген жерде жұқтырып алады емес пе?» – Литва елінің азаматы Виталиус Даугела.

Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Орта Азия елдерінде өкпе құртына шалдыққандардың 300 мыңы еңбек мигранттары. Жаға ұстатарлық статистка. Ал біздің елге жылына 500 мыңнан 1 миллонға дейін гастарбайтерлер жұмыс іздеп келеді екен. Оның 15 пайызы ВИЧ пен туберкулезді тасымалдаған.

«Бүгінде сегіз аймақ бойынша 120 мың мигрант тікркелді. Оның 38 мыңы толыққанды тексеруден өтті. Құрт ауруына 1 800 адам шалдыққаны анықталды. Қазір олар жергілікті емханаларда ем алып жатыр» – қоғамдық ұйым өкілі Бахтияр Бабамурадов.

Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары, флюрография туберкулезді анықтайтын ең ескі тәсіл екенін айтады. Тіпті, оның адам денсаулығына тигізер зияны орасан зор. Сондықтан, Қазақстанда құрт ауруын анықтайтын жаңа технологияларды қолданған дұрыс деп есептейді.

«Флюорография ескіргені белгілі. Әлемде оны өте сирек қолданады. Қазір симптомды анықтайтын өзге баламасын еңгізген абзал. Мәселен, хайтест пен дейнэсперт. Бұл мигранттарды тексергенге де ыңғайлы» – ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының техникалық маманы Андрей Даду.

Ал Денсаулық сақтау министрлігі өкпе дертін анықтайтын ең тиімді жол әзірге флюрография дейді. Дегенмен, қазір жергілікті емханаларда заманға лайық жаңа әдіс-тәсілдер кеңінен еңгізілуде екен.

«Бүгінде емханаларда молекулярлық-генетикалық, бактериоскопиялық әдіс-тәсілдер қолданылып келеді. Жуырда еліміздің барлық аймақтарынада кеңінен еңгізуді жоспарлап отырмыз» – ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова.

Айта кетейік, елімізде 9 мыңға жуық адам құрт дертіне шалдыққан. Оның 6 пайызы балалар. Дегенмен, мамандар, бұл көрсеткіш 10 жылмен салыстырғанда әлде қайда азайғанын айтады. Себебі 2007 жылы туберкеулезден 25 мың адам емделіп шыққан.

Тағы да оқыңыз:

Мешітке келген ұрылар сәждеге өтірік бас иген болып өзгелердің телефоны мен киімдерін ұрлап кетіп жүр

Бостандықта нәпақа таба алмаған ақтөбелік әйел түрмеге қайта отыру үшін бомба туралы жалған айтқан

Маңғыстауда дәрігерлер қыздың асқазанынан 30 см шаш түйінін шығарып алды

Талқылау