ШҚО-да ірі жол апаты болып, 5 адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында ірі жол апаты болып, бес адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, жол апаты 4 қараша күні Өскемен – Риддер тасжолында болған. ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima автокөлігі соқтығысқан.
“Оқиға салдарынан 5 адам жан тапсырып, 1 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда”, – делінген полиция хабарламасында.
Қазақстан жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлемде алғашқы үштікке кірді
Полиция күз мезгілінде облыс жолдарында жиі тұман, көктайғақ және көріну қашықтығының шектелуі секілді қолайсыз ауа райы жағдайлары байқалатынын атап өтіп, жүргізушілерге ескерту жасады.
"Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауға, ауа райы жағдайларын және техникалық қауіпсіздік талаптарын ескеруге шақырады”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам мерт болғаны туралы жазған едік.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады
Мамандар инициация – бозбала мен бойжеткеннiң есейiп балиғатқа толуын қабылдау қаншалықты маңызды екенін айтты
Қазақстандық ер адам үш баладан кейін вазэктомия жасауға бел буды: Алайда дәрігер әйеліне ота жасауға кеңес берген
Диас тұңғышы дүниеге келгенде-ақ әйеліне бір баламен шектелуді ұсынған