Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бостандықта нәпақа таба алмаған ақтөбелік әйел түрмеге қайта отыру үшін бомба туралы жалған айтқан

Ақтөбелік әйел түрмеге түсу үшін полицейлерге жалған хабарлама айтқан.

Ақтөбеде №2 қалалық сотта Ирина Журавлеваға қатысты іс қаралды. Ол 9 қарашада 102 нөміріне теміржол вокзалында бомба жатқанын хабарлаған деген айыппен сот алдына келді. «Жалған терроризм» бабы бойынша сотталып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Мен өзім полицейлерге шықтым, олар менің үйімді таба алмай жүрді», — деді Журавлева сотта.

Әйел өз кінәсін толық мойындады және жазаның тез орындалуын сұрап отыр. Белгілі болғандай, 3 жыл бұрын Ирина азаматтық некедегі күйеуімен бірге 4 жастағы Арина есімді туған қызын сатпақ болған. Полицейерге ұсталған Ирина 8 жылға сотталды. Бірақ ол 3 жыл түрмеде отырып шығып, шартты түрде босайды.

«Мен шартты түрде мерзімнен бұрын босадым. Түрмеден шығып, қызымды өзімен бірге алып кетемін деп ойладым. Ата-ана құқығымды қалпына келтіріп, қызыммен бірге тұрамын деп шештім. Бірақ оны басқа біреулер асырап алған. Мені ешкім жұмысқа алғысы келмейді. Өмір сүруге ақша жоқ. Сондықтан бомба туралы айтып, зонаға қайтып ораламын деп ойладым…», — деп жауап берді Журавлева.

Тағы да оқыңыз:

Өзіне қол жұмсамақ болған қыздың қалтасынан елбасыға жазылған хат табылды

Шығыс медицинасы әлемдегі ең үлкен қылмыстық бизнеске жатады

Жамбыл облысында үшем дүниеге келді

Талқылау