Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында үшем дүниеге келді

Жамбыл облысында жыл басынан бері төртінші рет үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, Магруф, Максум және Мансур есімді үшем 13 қарашада туған. Балалар уақытынан сәл ертерек дүние есігін ашты. «Алғашқы үш күнде сәбилер интенсивті терапияны қажет етті.

Сосын олар аналарымен бірге жаңа туған нәрестелердің патологиясы бөліміне ауыстырылды. Қазір сәбилер мен оның анасы өздерін жақсы сезінеді, олар үйлеріне шығарылмақ», – деді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айгүл Айтбаева.

Бөбектердің анасы Аян Біләлова жұбайымен бірге Байзақ ауданында тұрады. «Біз осы қуанышты 7 жыл бойы күттік. УДЗ-ден үшем туралы естіген кезде қатты қуандық.

Осындағы дәрігерлерге алғысым шексіз. Егіз ұлдардың екеуі бір-біріне қатты ұқсай, ал үшіншісі мүлдем ұқсамайды», – дейді бақытты ана.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері өңірде 3 рет үшем өмірген келді. Осыдан бір ай бұрын ғана Байзақ ауданында Егізғараевтар отбасында тағы үшем дүниеге келген еді. Облыстық перинаталдық орталығында 2 қыз, 1 ұл ота арқылы туылған.

Оқи отырыңыз:

Бағым Мұхитденова “КешYou” тобының жүлдесіз қалғанына ренжіп қалды

Ашық-шашық киінген Жолдыбаева Мақпал Жүнісованың қаһарына ұшырады (фото)

Қобызшы қыздардан құралған “Асыл” тобы күтпеген жаңалықпен қуантты

Алагөзовамын: Баян Мақсатқызы Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шықты (фото)

 

 

Талқылау