Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қобызшы қыздардан құралған “Асыл” тобы күтпеген жаңалықпен қуантты

Ұлттық аспап – қобыздың үнімен талайды тамсандырған “Асыл” тобы жуырда кастинг жариялаған болатын. Олар талантты қобызшы қыздарға іздеу жариялаған-ды. Соған қарап жұрт топтағы қыздардың бірі тұрмысқа шығады, деп топшылады. Алайда қыздардың елге айтар жағымды жаңалығы өзгеше, деп хабарлайды Stan.kz.

“Асыл” тобынан ешқандай қыз кеткен жоқ. Керісінше бұған дейін декреттік демалысқа орай топтан кеткен Ғалия Мұратова қайта оралды. Сонымен бұған дейін трио болып өнер көрсеткен “Асылдықтар” енді квартетке айналды.

Бұл туралы топ продюсері Ерлан Әлімов инста-парақшасында хабарлады.

“Асыл” тобы енді 4 қыздан тұрады, Ғалия қайта оралды”, – деп тыңдармандардан сүйінші сұрады продюсер.

Айтпақшы, квартеттің дебюті кеше “Жыл таңдауы-2017” Ұлттық музыкалық жүлдесі кешінде өтті.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Үйленуге тура келді: Алагөзов продюсермен тойы туралы айтып берді

Алагөзовамын: Баян Мақсатқызы Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шықты (фото)

Салыққа келгенде “жоқ-жоқ”: Ерке мен Ернардың ісі сотқа берілді

Түсіпбева бірнеше рет тұрмыс құрып, дүркірете той жасаған жұлдыздарды қатал сынады

Талқылау