Түсіпбева бірнеше рет тұрмыс құрып, дүркірете той жасаған жұлдыздарды қатал сынады

Бейсенбі, 7 Желтоқсан , 2017 13:17

Атышулы Меруерт Түсіпбаева тағы да өткір пікірімен көзге түсті. Бұл жолы оның шамына тиген бірнеше рет тұрмыс құрып, қуанышын дүркірете атап өтетін жұлдыздар. Соңғы кездері қалыпты көріне бастаған бұл үрдіске, өнер иесі мүлдем қарсы.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Біз өзіміздің ата-бабамыздан қалған ырым және салт-дәстүрден алыстамауымыз керек. Тіпті, өнер адамдары бір рет шықса да, үш рет шықса да, ақ көйлегін киіп, беташарын жасап, инстаграмға салатын болған. Оның барлығы біздің жастарға берілген өте нашар үлгі”, – дейді Меруерт.

Бірнеше рет келін атанып, бұл қуанышын жұртқа жариялайтын жұлдыздарды Түсіпбаева түсіне алар емес. О заман да, бұ заман арулар екі рет ұзатылмаған дейді әнші.

“Құдай сақтасын, біздің бір өнер адамы екі баласымен беташар болған. Мен оны түсінбеймін мүлдем! Ол қайдан келген ырым, қайдан келген теория?! Біздің ата-бабамыз ешқашан оған жол бермеген”, – дейді Түсіпбаева.

Салт-дәстүрді нық ұстануымыз керек деген Меруерт Түсіпбаеваға әріптестерінің өз жауабы бар. Жазира Байырбекова бірнеше рет тұрмыс құрмаса да, тағдырдың сан алуан қиындықтарына төзген аруларды  жақтайтынын айтты.

“Өнердегі қыздардың тағдырына тиіспесе екен деймін. Олай айтуға қорқу керек, өйткені әркімнің ұрпағы бар. Болашақта ол ұрпағының қалай болатынын білмейді”, – дейді Байырбекова.

“Негізі адамның көңілі, пейілі түзу болса, жақсы ой болса, ажырассын, күйеуге шықпаған болсын ондайға қарамау керек”, – дейді әнші Шахизада.

Қамшының сабындай қысқа өмірде өзгені қаралаудан аулақ болуға шақырған Шахизада, маңдайыңа жазған тағдырдан қашып құтыла алмайсың дейді.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Жұбайынан жұлдыз жасағысы келген Қайрат Нұртасқа әріптестері қарсы шықты

Бір топ бұзақылар Айдана Меденованың сән салонын талқандап кеткен (видео)

Жол апатынан кейін халықпен қайта қауышқан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

Ерке: Желіде Ерке, теледидарда Ерке, тойда мен халық жалығып кетеді ме деп қорқам

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

12
Комментариев
  • Anonymous says:

    Дұрыс айтады. Меруертке қосылам! Жеке өмірі кімге қызық? Несіне жария етеді. Пияр үшін бе???

  • Anonymous says:

    Өте дұрыс Меруерт✊

  • Anonymous says:

    Дурыс айтасын Мика

  • Anonymous says:

    Дұрыс айтады Меруерт əйел адамның бір беті ашылған соң, қайта – қайта ашқан деген бұл не масқара ғой. Дұрыс пешенесіне жазған екен құран жасап басқалай жазасын.

  • Anonymous says:

    Меруерт ханым дурысын айтты….ак койлек таза,пак,т.с..былдыреды…2.3.киып кадырын кетырмесе деймын

  • Anonymous says:

    Дұрыс айтады,келісемін.

  • Anonymous says:

    Өте орынды.Меруерттің бірінші рет жақсы сөз айтқанын естідім.ренжімеңіз

  • Anonymous says:

    Меруерт дурыс айтады, сол ушин жактырмайды да, шындык ешкимге унамайды гой, казак отирик мактай берсе сол

    • Anonymous says:

      Дұрыс…..

    • Anonymous says:

      Оте дурыс айтты Меруерт,бетi ашылган келiнге екiншi рет беташпайды.Екiншi рет турмыс курган келiншек пен жубайы тек некелерiн кидырып койган.Осы менде ойлаймын осы бурын бетi ашылган келiндi алган жерде улкен адамдар жокпа неге сол кiciлер айтпайды екен деп.Ол дурыс емес кайта беташу деген.

  • Anonymous says:

    Келиннин.бети.бир АК.рет.ашылады.ажыраскан.айелди.бети.ашып койган екен.дейди.гойканша.байга.тиген.баленин.бет.ашары.кимге.керекойларына.келгенин..истеп.адамнын Бари.жынды.болуга.айналды

  • Anonymous says:

    Меруерттің айтуы дұрыс. Беташар тек бір рет жасалғаны дұрыс. Неше рет тұрмысқа шықса сонша рет ашу деген ғұрпымызға қайшы нəрсе.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар