Жол апатынан кейін халықпен қайта қауышқан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

Бейсенбі, 7 Желтоқсан , 2017 10:16

Жол апатынан кейін тыңдарманымен алғаш рет қауышқан Ернар Айдар, күні кеше ел алдында есеп беру кешін өткізді. Иә, бұл әнші үшін сағынышқа толы сәт болған секілді. Өткен күні есіне түсті ме, көз жасын тоқтата алмаған сері жігіт көрермендерін де кемсеңдетті.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Атышулы жол көлік оқиғасынан кейін Ернар Айдар арбаға таңылуға шақ қалған-ды! Омыртқасынан зақым алған әнші аурухана төсегінде талай таңды көз ілмей атырғанын айтады. Араға уақыт салып, халықпен қайта қауышқан өнер иесі көз жасына ерік беріп, концертінде аздаған үнсіздік орнады.

“Мен аман-есенмін! Әуелі Алла, сосын сіздердің арқаларыңызда. Бірігіп бір-бірімізге деген сағынышымызды басайық деген ән кеш қой былайша айтқанда”, – дейді Ернар Айдар

Бұл кеште Ернармен қосыла ән шырқаған Керменбаев әріптесінің жағдайын жақсы түсінеді. Өйткені, Қара баланың да кезінде дәл осындай қаралы күндерді бастан кешкені бар.

“Бір жетідей жатып шықтым. Сол кездегі бір жетінің өзі маған кәдімгідей ауыр бір сынақ болып көрінді. Өйткені, ауруханадан шығуды аңсап тұрасың. Таза ауаны аңсайсың”, – дейді Нұржан.

Ән кешінің сценарийінен позитивті сәттерге де орын табылды. Ернарды 5 жылдығымен құттықтай келген әріптестері, сері жігітке сахнада сый жасады.

“Бүгінгі концерт Ернардың 5 жылдығы. Көп емес, бірақ аз да емес. Бес жыл бойы кез-келген әнші сахнада жүре алмайды”, – дейді Айқын.

«Күнім сен сөнбеші!» Ернардың мерейтойлық концерті дәл осылай аталады. Әнші жігіт қуанышымен бөлісуге клипіндегі кейіпкерлерді де шақырған. Заманауи махаббат символы атанған Мәрлен мен Әнел бұл кеште вальс биледі.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан: “Қайда?” жылдың үздік әні атанатынына сенімдімін

Отандық әншілер Ninety one тобы үшін “Жыл таңдауы” бәйгесіне қатысудан бас тартты

Ернар Айдар Серік Ибрагимовтің әйгілі әні арқылы жеке өмірінің құпиясын ашты (фото, видео)

Қуандық Рахым концертінде Ақбота Сейітмағамбетпен дуэт орындамақ (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар