Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алагөзовамын: Баян Мақсатқызы Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шықты (фото)

“Мен тұрмысқа шығамын!” Жуырда ғана қалыңдық атанғанын осылай деп жария еткен Баян Мақсатқызы тұрмысқа шықты. Кімге деп ойланудың өзі артық шығар?! Атышулы продюсер 1,5 жыл бұрын көңіл қосқан сүйіктісі Тұрсын Алагөзовпен отбасын құрды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұған дейін 1000 адамға той жасаймын деп жар салған продюсер бұл ойынан айнып қалған ұқсайды. Мақсатқызы мен Алагөзов жақындарының ортасында некелерін қиған.

Бірнеше сағат бұрын атышулы продюсер неке қию салтанатына дайындалып жатқанын меңзеген болатын. Ол визажистімен бірге түскен суретін жариялап:

“Жас қалыңдық үшін нәзік образ жасаған Машаға рахмет, сен ғажапсың”, – деп қызықтырды. Артынша Баян тұрмысқа шыққанын мәлімдеді.

Анасының тұрмысқа шыққанын продюсердің кіші қызы Айару Бақытбек де растады.

Айтпақшы, ел Есентаева деп таныған продюсердің ендігі тегі Алагөзова.

АЛАГУЗОВА БАЯН МАКСАТОВНА 👰 😊

Публикация от Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Бір топ бұзақылар Айдана Меденованың сән салонын талқандап кеткен (видео)

Елге танымал әншілер Сара Тыныштығұлованы екі мәрте өлтірмекші болған

Түсіпбева бірнеше рет тұрмыс құрып, дүркірете той жасаған жұлдыздарды қатал сынады

Жұбайынан жұлдыз жасағысы келген Қайрат Нұртасқа әріптестері қарсы шықты

 

Талқылау