Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағым Мұхитденова “КешYou” тобының жүлдесіз қалғанына ренжіп қалды

Құрам ауыстырудан рекорд орнатқан атышулы “КешYou” тобы “Жыл таңдауы-2017” Ұлттық музыкалық жүлдесінен құр қалды. Бұл ретте топтың музыкалық продюсері Бағым Мұхитденова жоба ұйымдастырушыларына деген өкпесін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“КешYou жобасын өте жақсы көремін. Бүгін дәстүрлі “Жыл таңдауы” марапаты өтті, өкінішке қарай, біз жүлдесіз қалдық. Бұл топ 11 жылдан бері сахнада, соңғы 8 айдың өзінде әртүрлі стильде 3 клип түсірдік. Үшеуі де жақсы қаралым жинады. Біз негізі көп жұмыс істейміз. Расында продюсер ретінде ренжіп отырмын”, – дейді Бағым Мұхитденова.

Алайда тыңдармандар тобы продюсермен келіспеген-ді. Олар жаңа құрамның әлі өзін танытып үлгермегенін атап өткен. Жұрттың пікірі Мұхитденоваға жақпаса керек-ті, ол аталған жазбасына пікір қалдыруды бұғаттап тастаған.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Ашық-шашық киінген Жолдыбаева Мақпал Жүнісованың қаһарына ұшырады (фото)

Роза Рымбаева қымбат қызыл көйлегін музейге тапсырды

Асылхан Төлепов не себепті үйленгенін жасырмақ болғанын түсіндірді

Бір топ бұзақылар Айдана Меденованың сән салонын талқандап кеткен (видео)

 

Талқылау