Astana Mining & Metallurgy конгресі: "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қонақтарға компанияның басым бағыттарын таныстырды
AMM-2023 конгресінің екінші күнінде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ стендінде құрметті қонақтар ҚР-ның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев пен Еуропалық комиссияның вице-президенті Мароша Шевчович болды. Бас директор Владимир Яблонский келген қонақтарға компанияның негізгі мақсат міндеттерін таныстырды.
Оларды компанияның бас директоры Владимир Яблонский қарсы алды.
“Қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндет. Ол үшін шахталарда позициялау жүйесін енгізіп жатырмыз. Дәл қазір шахтамызда не болып жатқанын онлайн көруге болады. Ал мамандардың біліктілігі де өте маңызды. Бұл үшін біз шахтаға түспей-ақ 3D жүйесі арқылы барлығын көруге болатын цифрлық оқытуды енгіздік”, – деді Владимир Яблонский.
Көрменің құрметті қонақтары "Тау-кен металлургия кешені тұрақты дамуының жасыл технологиялары" пленарлық отырысының спикерлері болды. Басқосуда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерді барынша азайтуға көмектесетін технологиялар және оны еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындарына енгізу жолдары талқыланды.
Одан бөлек, Astana Mining & Metallurgy конгресі аясында "CEO talks" стратегиялық сессиясы өтті. Қазақстандық тау-кен металлургиялық компаниялардың басшылары компанияларды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялары, өндірісті жасылдандыру, цифрландыру, жіне олардың әлеуметтік дамуға қосқан үлесі туралы сұрақтарға жауап берді. Сессия спикерлерінің бірі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский болды. Ол компанияның дамуының басым бағыттары қауіпсіздік, инновациялық технологиялар, экология, әлеуметтік жауапкершілік және тұтынушыларға назар аудару екенін атап өтті.
“Біз негізгі нарығымыз Қазақстан мен Орталық Азияға назар аудара отырып, өнім сапасын жақсартуды жалғастырамыз. 10 жылдан кейін біз өзімізді қауіпсіз компания ретінде көреміз. Онда шығындар мен тәуекелдерді азайтып, экологиялық жағдайды жақсарту сияқты проблемаларды шешудің заманауи технологиялары басым рөлге ие болады. Одан бөлек, қазірдің өзінде әлеуметтік бағыттағы компания ретінде өзімізді танытудамыз. Бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, алдағы уақытта жұмысты жалғастыратын боламыз”, – деді Владимир Иванович.
Еліміздегі барлық кәсіпорындардың өзекті мәселелерінің бірі – білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Кездесуде бұл мәселені шешу жолдары талқыланды.
“Жастарды оқытып, жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау үшін инвестиция салу қажет. Осы мақсатта "АрселорМиттал Теміртау" бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда өңірдің жоғары оқу орындарының студенттеріне гранттар бөліп, жұмысшы мамандықтары бойынша мамандарды дайындау курстарын өткізіп, оқыту жобаларының барлық түрлерін қолдауда”, - деп атап өтті Владимир Яблонский.
"АрселорМиттал Теміртау" әлемдік ArcelorMittal брендінің бір бөлігі болғандықтан, қонақтар қазақстандық компанияның басқа елдердің деңгейіне қаншалықты сай екенін сұрады.
“ArcelorMittal – әлемдегі технологиялық дамыған компаниялардың бірі. Ол еуропалық және америкалық кәсіпорындардың тәжірибесін Қазақстанда белсенді түрде енгізуде. Экология тұрғысынан компания жабдықтарымызды жаңғыртуға және заманауи тазарту жүйелерін орнатуға бағытталған. Біз сондай-ақ жасыл технологияларға, көмірқышқылсыздандыруға, экологиялық отынға көшуге және т.б. бағыттарға көшеміз”, - деп түйіндеді бас директор.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
