Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана мен Алматыда Жеңі күніне орай соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беріледі

Астана мен Алматы қалаларында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akorda.kz

15 сәуірде Алматы қаласы мәслихатының депутаттары кезектен тыс XVI сессияда ардагерлерге біржолғы төлем 2 миллион теңге беру туралы бастаманы қолдады. 

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасовтың сөзінше, қазір облыс көлемінде 44 ардагер тұрады. 

“Алматы қаласы мәслихатының бұрын бекітілген шешімі бойынша Екінші дүниежүзі соғысы ардагерлеріне 1 миллион теңге көлемінде бір реттік көмек берілетін. Былтыр айтылған көмекті 56 ардагер алды. Қазір Алматы қаласының аумағында 44 ардагер тұрады. Осы орайда Алматы әкімінің тапсырмасымен бір реттік төлем мөлшерін 2 миллионға дейін өсіруді ұсынамын”, – деді Бауыржан Жаубасов.

Ал Астана әкімдігінің хабарлауынша, елордада Екінші дүниежүзілік соғыстың 7 ардагері тұрады. 

"Сонымен қатар төлемдерді Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен теңестірілген ардагерлер де 45 АЕК (166 140 теңге) мөлшерінде төлем алады", – делінген хабарламада. 

"Ардагерлер туралы" заң аясында өзге де тұлғаларға ( тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерінің жұбайы) 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде төлем беріледі.

Сондай-ақ төлемді қаланың аудан әкімдіктері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша ұсынылған тізімдер бойынша екінші деңгейдегі банктердегі шоттарына өтініштерді талап етпестен жүргізеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 8 мамыр демалыс күні ретінде бекітілетіні туралы жазған едік. 

Талқылау