Астана білім басқармасы жоққа шығарды: Пәтер суықтығынан балаларын жетімдер үйіне өткізген оқиға
Астанада пәтерінің суықтығынан балаларын жетімдер үйіне өткізген оқиға туралы Астана қаласының білім басқармасының өкілі түсініктеме берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Астана қаласының білім басқармасы тұрғын үй құрылысы ведомствоаралық комиссияның мүшесі Татьяна Чурсинаның сөзін жоққа шығарды.
Бұған дейін, Чурсина Астанада тұратын әйел пәтері суық болғандықтан балаларын жетімдер үйіне өткізгенін айтқан болатын.
«Қазіргі таңда жетім немесе ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге, сонымен бірге Бейімдеу орталығына аталған себеп бойынша жасөспірім балаларды әкелу жағдайы тіркелген жоқ. Біз дағдарыс орталығына сұрау жолдап, ол жерге де ешқандай өтінімнің келіп түспегенін білдік», – деп хабарлады білім басқармасының баспасөз қызметі.
«Бір әйел үйінде адам төзгісіз суықтың салдарынан балаларын балалар үйіне өткізіп жіберген. Онда тұру мүмкін емес. Жағдай осы», – деген еді комиссия мүшесі Татьяна Чурсина.
Әйел балаларымен Иманов – Брусиловский көшесіндегі үйдің жоғары қабатындағы мансарда тұрып келген.
Тағы оқыңыз:
Байзақованы жер-көкке сыйғызбай мақтаған Димаш Ниязов жұрттан сөгіс естіді
Түркияда бірге демалып жатқан Жанар Дұғалова мен Тәуекел Мүсілімнің арасында не бар (фото)
Тыңдармандарына жан сырын ақтарған Қайрат Нұртас елдің жүрегін елжіретті