Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байзақованы жер-көкке сыйғызбай мақтаған Димаш Ниязов жұрттан сөгіс естіді

АҚШ-тың үздік полицейі атанған Димаш Ниязов атышулы Айжан Байзақовамен түскен суретін жариялаймын деп дауға қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш Ниязов Айжанмен түскен суретін жариялап, оны сөкпеуге шақырған.

“Америкада менталитет басқа. Егер сонда болсақ Айжанға барлығы қарапайым қыз ретінде қарайтын еді. Қазақстанда халықтың түсінігі, көзқарасы басқа. Дегенмен кез келген адамды сыйлау қажет”, – деп бөліскен Димаш Айжан жайлы теріс пікір жазғандарды бұғаттап тастайтынын ескерткен.

Алайда соған қарамастан инста-оқырмандар Байзақованың тарапына жағымсыз пікірлерді қарша боратты.

“Ендеше Америкаға бармай ма? Онда барса ешкімге де керек болмайды, таныла алмайды, себебі қатардағы қыз. Ал мұнда атын шығару үшін ойына келгенін істеп жүр. Шын мәнінде АҚШ-та ол ешкімге де керек емес”, – деп шағымданды оқырмандардың бірі.

Жағымсыз пікірлер көбейіп кетсе керек, Димаш аталған суретті парақшасынан өшіріп тастаған.

Жіберіп алмаңыз:

Түркияда бірге демалып жатқан Жанар Дұғалова мен Тәуекел Мүсілімнің арасында не бар (фото)

Тыңдармандарына жан сырын ақтарған Қайрат Нұртас елдің жүрегін елжіретті

Төреғали Төреәлі қандай киноға түсіп жатыр?

Ерке Есмахан: Аяғым ауыр емес (фото)

Талқылау