Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Дұғалова мен Тәуекел Мүсілім Түркияда бірге демалуда (фото)

Бір кездері Жанар Дұғалова мен Тәуекел Мүсілім отандық телехикаялардың бірінде ғашықтардың рөлін сомдаған-ды. Баян Мақсатқызының продюсерлігімен таспаланған фильмде Тәуекел мен Жанар үйленіп, ақырында ажырасып тынған, деп жазады Stan.kz. 

Сол шақта-ақ жұрт қос өнер иесін жұптастырып үлгерді. Әнші мен актердің клипте сүйісуі (авт. Жанардың “Ала кетпедің” бейнебаяны) бұл жайтты одан сайын ушықтыра түсті. Себебі Тәуекелдің өзі: “Сезімге бой алдырдық, соның салдарынан туған көрініс”, – деп ағынан жарылған болатын.

Ал жуырда желіде қос өнер иесінің күйеу жігіт пен қалыңдық образында түскен жаңа суреттері пайда болды. Сондай-ақ, Тәуекел мен Жанардың Бакуге бірге барып келгені белгілі.

Сонымен Тәуекел мен Жанардың арасында не бар? Бұл сұрақтың әзірге нақты жауабы жоқ. Алайда ел арасындағы әңгіменің растығына тағы бір жайт дәлел бола алады.

Соңғы кездері ел көзінен тасада жүрген Жанар Түркиядағы демалысын instastories-де жариялаған. Бір қызығы, дәл осындай көрініс Тәуекелдің парақшасында да пайда болған-ды.

Жіберіп алмаңыз:

Тыңдармандарына жан сырын ақтарған Қайрат Нұртас елдің жүрегін елжіретті

8 айлық қызына гүл сыйлаған Қыдырәлі Болманов жұртты сүйсіндірді (видео)

Зарина Омарова алғаш рет өмірін өзгерткен жол апаты жайлы айтты

Луина алты жыл азаматтық некеде тұрған продюсерімен айырылысты

Талқылау