Тыңдармандарына жан сырын ақтарған Қайрат Нұртас елдің жүрегін елжіретті

10 жыл бойы жұбайын жұрттан жасырған Қайрат Нұртас соңғы кездері өзгеріп жүр. Жұлдызды жұртқа таныстырғалы Қайрат желідегі оқырмандарына жан сырын ақтаруды әдетке айналдырып алғандай. Бірер күн бұрын әнші ең ізгі арманы жайлы сөз етсе, бұл жолы жіберген қателіктері жайлы баяндады, деп жазады Stan.kz. 

“Адам жас кезінде көп нәрсенің құндылығын түсінбейді екен. Қазір де қартайып қалған ештеңем жоқ. Бірақ кемшіліксіз адам болмайтынын бәріміз білеміз. Мен де көп қателестім, қателіктерімнен сабақ алдым. Дұшпанымды дос көрдім, досымды жау көрдім. Күмісті алтын санадым, алтынды темірге теңедім. Негізі, табиғатымда өте сенгішпін. Оған еш өкпелемеймін, керісінше қуанамын.

Өйткені өмірдің өзі сенімнен тұрады. Аллаға деген сенім, болашаққа, жақсылыққа, отбасыңа деген сенім. Біз негізі біреуді сынауға келген де алдымызға жан салмайтынымыз рас. Бұл өмірдің өзі сынақ. Әркім өзі үшін өзі жауап береді. Бір-бірімізге тек жақсылық тілеп, жан-жағымыздың тек жақсы қырларын көретін болсақ, жүрегіміз де тыныш, өміріміз де тыныш болмақ. Сынақтан сүрінсеңіз де, құламауды Алла нәсіп етсін! Мен Сіздерді жақсы көрем”, – деді Қайрат ағынан жарылып.

Жіберіп алмаңыз:

Қыздарға кітап оқыта алмай жүрген Әнуар Нұрпейісов режиссер атанды

8 айлық қызына гүл сыйлаған Қыдырәлі Болманов жұртты сүйсіндірді (видео)

Зарина Омарова алғаш рет өмірін өзгерткен жол апаты жайлы айтты

Төреғали Төреәлі қандай киноға түсіп жатыр?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
27.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар