Астана әуежайында сәтсіз әзілдеген Ауғанстан елшісі тұтқынға алынды
Бүгін Астана әуежайында Ауғанстанның Қазақстандағы бұрынғы елгісі Мұхаммад Фарук Бараки ұсталды. Ол қызметтік уақыты аяқталғаннан кейін Кабулға оралмақшы болған.
Фото: bnews.kz
Бұл туралы afghanistan.ru хабарлайды.
Қазақстанға жаңа елші болып Ауған ұлттық армиясының бұрынғы басшысы Кадам Шах Шахим тағайындалғаннан кейін, басшылық Мұхаммадқа қызметтік өкілеттілігі аяқталғаны туралы хабарлаған.
Ауғанстанда содырлар Мазари-Шариф әскери базасына шабуылдап, 140 ауған әскериін өлтіргеннен кейін елдің қорғаныс министрімен бірге Шахим де отставкаға кеткен еді.
Ал еліне қайтпақшы болған Мұхаммад Фарук Бараки әуежайда жайсыз оқиғаға тап болған. Кеденшілердің қолжүгі туралы сұрағына дипломат: “Онда бомба бар” деп жауап береді. Оның абайсыз айта салған сөзі елшіні тұтқындауға жетіп жатты.
Әуежайға кіреберіс есіктер жабылып, оқиға орынына 100 арнайы бөлім жауынгерлері жіберіледі. 3 сағат бойы тұтқында болған Бараки оған Қазақстан СІМ рұқсат еткеннен кейін ғана сапарын жалғастырған. Әлеуметтік желіде осы жағдайға қатысты пікір білдірген бұрынғы елші сақшылардың одан жүк туралы бірнеше рет сұрағанын және әзілін тым салмақты қабылдағанын айтыпты.
Қазіргі уақытқа дейін Ауғанстанның сыртқы істер министрлігі болған жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Депутаттар Лениннің сүйегін Қазақстанға әкелуді сұрап отыр
“Қорғас ісі” бойынша сотталғандардың түрмеден босатылуын заңгерлердің өзі түсінбей отыр
Нақыпбеков: Менің орнымда басқа кісі болса да осылай істер еді