2 млн теңгені иесіне қайтарып берген азаматқа компания басшысы сыйақы берді

Сейсенбі, 25 Сәуір , 2017 8:15

Шымкентте 2 млн теңгені тауып алып, иесіне қайтарып берген Қуаныш Нақыпбековке компания басшысы 200 мың теңге көлемінде сыйақы берді.

e17e0dfbb46289c6f6d029217d3971d3_resize_w_520_h_

Шымкентте жеке компаниялардың бірінде қойма меңгерушісі болып жұмыс істейтін Қуаныш Нақыпбеков жұмыстан қайтып бара жатып, «Сайрам» мөлтекауданында жол бойынан әмиян тауып алған. Әмиянның ішінде ірі көлемдегі ақша бар екенін байқап, дереу иесінің визиткасын тауып  хабарласқан, деп хабарлайды Baq.kz.

«Жолда кетіп бара жатып борсеткаға көзім түсіп кетті. Тура жолдың ортасында жатыр екен. Жан-жағыма қарадым, ешкім жоқ. Содан сол маңдағы дүкенге кірейін деп тұрғанмын, сатушымен бірге борсетканың ішінен иесінің визитка нөміріне хабарластық. Қуанғанынан сүйіншісіне 10 мың теңге берді. Иесі оның ішінде 2 млн теңгеге жуық қаржысы мен құжаттары барын айтты. Шынымды айтсам, борсетканы тауып алғанымда дереу оны жоғалтып алған адамның жағдайын ойладым. Шарқ ұрып іздеп жүрген шығар де. Ішіндегіні өз қажеттілігіме жарату дегенді тіпті ойламадым да. Алла алдында оның да жауабы барын білемін. Менің орнымда болған кез келген солай жасар еді деп ойлаймын»,-деп ағынан жарылды Қуаныш Нақыпбеков.

Айта кетерлігі, шымкент тұрғынның бұл әрекеті туралы алғаш болып ол жұмыс істейтін “Nuray Construction” компаниясының басшысы Алтай Айнабек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Мұны оқыған желі қолданушылары азаматтың бұл әрекетін нағыз адамгершілікке балап, ақ тілектерін жаудырды.

Компания басшысы Қуаныш Нақыпбековке мекеме атынан қаржылай сыйақы болатынын да уәде еткен еді.

«Бүгін бүкіл ұжымның алдында қызметкерім Қуаныш Нақыпбековке құрмет көрсеттік. Компания атынан 200 мың теңге көлемінде сыйақы бердік. Жалпы Қуаныш ешкімге зияны жоқ, өз ісіне жауапты қызметкерлерімнің бірі», – деді Алтай Айнабек.

Тағы да оқыңыз:

Жалдамалы баспана енді халықтың екі санатына ғана беріледі

Алматы метросынан жарылғыш зат табылған жоқ

Астана әкімі ескі үйлер мен саяжайларды сүріп тастауды ұсынды

Президент Исекешев пен Мұхамедиұлының жұмысын қатаң сынады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар