Алматы метросынан жарылғыш зат табылған жоқ

Сейсенбі, 25 Сәуір , 2017 7:27

Алматы метросында жарылғыш зат табылмады, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

20170424231627

ІІМ қызметкерлері, Алматы мен облыстың арнайы қызметі бомба туралы жалған ақпарат таратқан адамды анықтады. Ол Сарқанд қаласының кәмілетке толмаған жеткіншегі.

Оның әрекеті террорлық акт ретінде бағаланып, қандай жаза берілетіні анықталады.

«Сағат 22:49 минутта Алматының барлық метро стансаларында комиссиялық тексерістер аяқталды. Жарылғыш зат табылмады. Жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Мегаполис метрополитені қалыпты жұмыс режіміне көшті», – деп хабарлады ІІД-нің ресми өкілі подполковник Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік,  кеше сағат 19-дар шамасында полицияға анонимді телефон хабары түсіп, метро стансаларына жарылғыш зат қойылғаны туралы айтылған. Осыдан кейін полиция метродағы барлық жолаушыларды эвакуациялады.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте жылдамдықты 260-қа жеткізіп мақтанған жүргізуші жол апатына ұшырады (видео)

Алматыда метроға бомба қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті

Петропавлда бокс чемпионы науқас анасымен бірге лашықта тұрып жатыр (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар