Қызылордада облыс әкімінің орынбасары сөйлеген кезде артындағы баннерді студенттер тіреп тұрды (фото)

Сейсенбі, 25 Сәуір , 2017 11:29

Су тасқынынан айтарлықтай зардап шеккен ақтөбеліктерге әр қала тұрғындары   шама-шарқынша көмек көрсетіп жатыр. Қайырымдылық шарасын  Қызылорда тұрғындары да ұйымдастырды. Олар әр адамның көңілінен шығарып берген бұйымы мен азық-түлігін ақтөбеліктерге жіберді.

1

Қайырымдылық акциясы жоғары деңгейде  ұйымдастырылып, атқамiнер азаматтар халық алдына шығып сөз сөйледi. Алайда, ең қызығы шараға орай әзiрленген баннердiң артында болды,-деп жазды Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі.

2

Сурет авторы:Махмуд Байходжаев

Қала әкімдігіндегілер көрнекi құрал Қызылорданың желiне шыдас бермейдi дедi ме, әйтеуiр банерді тіреп студенттер тұрды.  Мына суретте жастардың шаршап, қолдары талып тұрғанын анық аңғаруға болады.

Тағы бiр студент қиналғанына қарамастан қолындағы кітабын  оқып тұр. Ал екiншiсiнiң денсаулығы нашарлады ма белгiсiз, басын ұстап жерде отыр.

Бұл кезде облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов алдында тұрған халыққа мейірімділік пен қайырымдылық жайлы, қиналған халыққа көмек қолын созу үлкен сауапты іс екені туралы  жақсы сөздерін айтып тұрған еді.

Оқи отырыңыз:

Анасы: Димашты “мен таптым” деп мақтануға қазағымнан қорқамын

Димаш Құдайберген елге оралды (фото, видео)

Қайрат Нұртастың анасы продюсерлікпен қоса әншілікті қолға алды

Астанада Димаш Құдайбергенді қошеметтеуге арналған салтанатты кеш өтеді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар