Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана аспанында белгісіз нысан ұшып өтті (видео)

метеор скрин

Видеодан скриншот

5 маусымда Астана аспынанда белгісіз нысан ұшып өтті. Тұрғындар түсірілген бейнежазбаларды әлеуметтік желілерде жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тиісті қызметтермен бірлесіп талдау жүргізіліп, түсініктеме берілетінін айтты.

“Астана аспанында байқалған құбылыс туралы ақпаратты тексеріп жатырмыз. Тиісті қызметтермен бірлесіп талдау жүргізіледі. Ресми түсініктеме беріледі”, — делінген цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі болса азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды өтінді.

“Қазақстан Республикасы аумағында әуе кеңістігінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің толық бақылауында. Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған құбылыс атмосфераға еніп жатқан ғарыштық аппараттардың қалдықтарына немесе метеор ағынына ұқсайды. Мұндай нысандар, әдетте, атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетіп, жерге жетпейді. Азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды сұраймыз. Құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп жатыр және қажет болған жағдайда ресми түсініктеме береді”, — делінген қорғаныс министрлігі хабарламасында.

Еске салайық, 2024 жылдың маусымында Алматы облысының тұрғындары аспаннан ерекше жарықтарды байқаған еді. 

Ал цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл құбылысты Жер атмосферасына түскен кезде құлаған спутниктің фрагменттерінің жануы деп түсіндірді. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 05 Маусым, 2025 23:26
Талқылау