Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аша Матай мен Арман ажырасып кетті": Әншінің өзі жауап берді

Аша Матай мен Арманның ажырасып кеткені туралы желіде қауесет тарады. Екі әнші желіде бірге түскен суреттері мен фото-видеоларды жарияламай кетті. Екеуі екі жақта түскен суреттерін көрсетіп жүр. Бұған қарап желідегі тыңдарманы қос әншінің некесі бұзылды ма деп болжады. 

Арман да, Аша да бұл әңгімеге қатысты пікір білдірген жоқ. Соған қарап мұны кезекті хайп, пиар немесе жарнама деп топшылағандар табылды, деп хабарлайды НТК Show арнасы.

Аша Матай бұл сұрақтың мәнін ашып бермесе де, шет жағасын айтып қалды. 

"Біз жақында бір жобаға дайындалып жүрміз. Сондықтан интрига жасадық. Тыңдармандарымыз сәл сабырлық танытса, алдағы уақытта бәрі белгілі болады", - деді әнші.

Арман екеуміз ажырастық немесе ажырасып кеткен жоқпыз деп нақты жауабын айтпағанымен Аша мұның пиар екенін айтып қалды. 

Бұған кейбір желі қолданушылары ренішін білдіріп жатыр. 

"Әншілер бірнәрсе істей бастаса, интрига жасап шығады екен. Ажырастық деген де хайп бола ма?", "Жаман нәрсені ырымдаймын деп соңы солай болып жүрмесін", "Екеуінің бірге екеніне қуаныштымын", "Қандай жағдай болмасын бірге жүріңіздер, жұптарыңыз жазылмасын", - деп жазды олар.

Талқылау