Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай: Бала күнімде бізде бәрі болғанымен әке-шешем бәрінен шектеп өсірді 

Аша Матай отбасы мен ата-ана тәрбиесі, еркелік туралы айтты. Өзінің қандай бала болғанын айтқан әнші ата-анасының ерекше тәрбиесі үшін алғысын білдірді.

"Менің бала күнімде бәрі болды. Бірақ мен тым ерке болған жоқпын. Мені еркелетті. Ата-анам да еркелетті. Мейірімін бөлді. Бірақ ақшаға келгенде шектеу болды. Маған қалағанның бәрін алып бере бермейтін. Мені әр нәрседе шектейтін. Осылайша ақшаның, еңбектің пен әр дүниенің қадірін білуге үйретті", - деді Аша Матай.

Актриса бала күніндегі есінде қалған оқиғасын айтты. 

"Бірде анам екеуміз дүкенге бардық. Анамнан бір ойыншық алып беруін сұрадым. Анам тек біреу ғана алып беремін деді. Шәйнек алдым. Жолда мақтанып келе жатқанда шәйнегімнің қақпағы түсіп қалды. Қақпағы өзенге ағып кетті. Анама қайта сатып алып беруін сұрадым. Бірақ анам бас тартты. "Қақпақсыз ойнайсың" деді. "Өзің ұқыпты болмадың" деді. Солай тәрбеледі. Қазір ата-анама алғыс айтамын. Бізді артық ерке қылған жоқ. Ақшаның қадірін үйретті. Кез келген ата-ана қателесуі мүмкін. Бірақ бәрі ата-анаға байланысты. Балаға бәрін дайын етіп әкеле салу, ол көмек емес", - деді актриса. 


Мөлдір Төлебай
Жұма, 28 Мамыр, 2021 12:55
Талқылау