Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсем Жакетаева тұңғыш рет қызы Айсананы саяхатқа алып шықты (фото)

Танымал әнші әрі актриса Әсем Жакетаева қызы Айсананы алғаш рет демалысқа алып шықты. Әнші отбасымен бірге Түркияда демалуда. Нақтырақ айтсақ, Анталия аумағындағы Белек қалашығында Әсем, жолдасы Алмас және қызы Айсана жазғы демалыстарын өткізіп жатыр.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өз сөзінде әнші қызының сәби күнінен бастап гүл шоқтары мен өзіне назар аударғанды ұнататынын айтып қалды. Ал желі қолданушылары әдеттегідей Әсемнің табиғи сұлулығына қайран қалып, жылы лебіздерін арнады.

Отдыхать нужно уметь, а у Айсаночки это получается лучше всех ❤️ Наша принцесса ❤️

Фото опубликовано Асем Жакетаева (@assem_zhaketayeva)

– “Жақсы демалып қайтыңыздар. Екеуіңіз де сондай сұлусыздар!” – дейді желі қолданушысы Мадина. Қуаныштысы, жұлдыздардың фотоларына жағымсыз пікір қалдырудан шаршамайтын желі қолданушылары Әсемге тиіспеген. Барлығы бірауыздан: «сүйкімдісіз», «сұлусыз», «көздеріңіз неткен әдемі» деген.


Естеріңізге сала кетейік, Әсем Жакетаева халыққа SuperStar.kz жобасы арқылы танылған болатын. Алайда жобадан кейін көрермен назарынан таса болған әнші арада бірнеше жыл өткеннен кейін Айлан есімімен сахнаға қайта оралды. Отандық телехикаяларға түскен актрисаның сомдаған рөлдері ел көңілінен шықты.

Талқылау